ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРАМЫ » Средняя общеобразовательная школа №36
Абай облысы
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№36 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 52-18-64
Директордың орынбасары:
+7(7222) 52-18-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
«№36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер!
02
сентябрь
2026

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРАМЫ

ХАБАРЛАНДЫРУ / ОБЪЯВЛЕНИЕ

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРАМЫНА ЖАҢА МҮШЕЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ!

Құрметті ата-аналар!
«№36 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 2026–2027 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңес құрамына жаңа мүшелерді қабылдау басталғанын хабарлайды.
Мектеп өміріне белсене қатысып, балаларымыздың сапалы білім алуына үлес қосып, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуіне және мектебіміздің көркеюіне үлесіңізді қосқыңыз келсе, Қамқоршылық кеңес мүшелігіне кандидат ретінде өтінім бере алатынынызды хабарлаймыз.
Қамқоршылық кеңестің негізгі мақсаты: мектеп пен ата-ана және қоғам арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақтастықты нығайту, білім алушылар үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал ету, оқушылардың оқу-тәрбие процесін жетілдіруге бағытталған бастамаларды қолдау және мектептің дамуына атсалысу.
Қамқоршылық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады:
  • мектеп өміріне белсенді араласуға ниетті ата-аналар;
  • қоғам өкілдері;
  • мектептің дамуына қолдау көрсетуге ниетті азаматтар мен демеушілер.
Қажетті құжаттар:
  1. Қамқоршылық кеңес мүшелігіне кандидат ретінде қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Кандидат туралы қысқаша мәлімет (түйіндеме).
📅 Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 3–16 қыркүйек аралығы.

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫН САЙЛАУ БОЙЫНША АШЫҚ ЖИНАЛЫС

📅 18 қыркүйек 2026 жыл
🕕 Сағат 17:00
📍 Өтетін орны: «№36 ЖОББМ» КММ
Жиналыс барысында Қамқоршылық кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері таныстырылып, кандидаттар қаралады және кеңестің жаңа мүшелері дауыс беру арқылы сайланады.
Мектебіміздің дамуына өз үлесін қосатын барша жанашыр ата-аналар мен қоғам өкілдерін ашық жиналысқа белсенді қатысуға шақырамыз!
📞 Байланыс телефоны: 8 (7222) 52-35-92
✉️ Электрондық пошта: semey.36mektepp@mail.ru
«№36 ЖОББМ» КММ әкімшілігі

ОБЪЯВЛЕНИЕ

ОБЪЯВЛЯЕТСЯ НАБОР НОВЫХ ЧЛЕНОВ В СОСТАВ ПОПЕЧИТЕЛЬСКОГО СОВЕТА!

Уважаемые родители и представители общественности!
КМУ «Средняя школа № 36» объявляет о начале набора новых членов в Попечительский совет на 2026–2027 учебный год.
Если вы хотите активно участвовать в жизни школы, вносить вклад в качественное образование наших детей, способствовать воспитанию детей в безопасной и благоприятной среде и совершенствованию нашей школы, вы можете подать заявку на вступление в Попечительский совет.
Главная цель Попечительского совета – укрепление единства и сотрудничества между школой, родителями и обществом, содействие созданию благоприятных условий для учащихся, поддержка инициатив, направленных на улучшение образовательного процесса учащихся, и вклад в развитие школы.
Кандидатами в члены Попечительского совета могут стать:
  • родители, готовые активно участвовать в жизни школы;
  • представители общественности;
  • граждане и спонсоры, заинтересованные в поддержке и развитии школы.
Необходимые документы:
  1. Заявление о выдвижении кандидатуры в состав Попечительского совета;
  2. Копия документа, удостоверяющего личность;
  3. Краткая информация о кандидате (резюме).
📅 Срок приема заявлений: с 3 по 16 сентября 2026 года.

ОТКРЫТОЕ СОБРАНИЕ ПО ВЫБОРУ НОВОГО СОСТАВА ПОПЕЧИТЕЛЬСКОГО СОВЕТА

📅 18 сентября 2026 года
🕕 Начало: в 17:00
📍 Место проведения: КГУ «СОШ №36»
В ходе заседания будут представлены основные цели и задачи Попечительского совета, рассмотрены кандидатуры, а также путем голосования будут избраны новые члены совета.
Приглашаем всех неравнодушных родителей и представителей сообщества, вносящих вклад в развитие нашей школы, принять активное участие в открытом заседании!
📞 Контактный телефон: 8 (7222) 52-35-92
✉️ Электронная почта: semey.36mektepp@mail.ru
Администрация КГУ «Средняя общеобразовательная школа №36»
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив